Зарина Алтынбаеваның «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» VI
Халықаралық академиялық жас дарындар байқауын өткізу
туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже Зарина Алтынбаева атындағы VI Халықаралық академиялық жас
музыканттар байқауын (Zarina Altynbayeva Youth Music Competition) өткізу тәртібін реттейді.
Байқау 2026 жылғы 29 қазан мен 3 қараша аралығында өткізіледі;
1.2. «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» байқауы 2019 жылдан бері өткізіліп келе
жатқан «Prima Nota Fest» республикалық академиялық балалар музыка байқауының негізінде
құрылған;
1.3. Байқаудың негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі — Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының
жетекші солисі, сопрано Зарина Алтынбаева;
1.4. Байқаудың бірлескен ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет
басқармасы;
1.5. Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
2. Зарина Алтынбаева атындағы Халықаралық академиялық жас музыканттар
байқауының миссиясы, көзқарасы және мақсаттары
2.1. Байқаудың миссиясы:
Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінен шыққан
дарынды жас музыканттарды анықтау, дамыту және қолдау; олардың шығармашылық әлеуетін
көрсетуге арналған бірегей платформа ұсыну. Байқау классикалық музыкалық өнер арқылы
мәдени әртүрлілік пен өзара алмасуды ынталандыруды мақсат етеді және жаңа буын музыкалық
көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
2.2. Байқаудың көзқарасы:
Түркітілдес кеңістіктегі классикалық бағыттағы жас музыканттардың кәсіби өсуі мен
ынтымақтастығына серпін беретін шабыттандыратын, бәсекеге қабілетті және жаңашыл байқау
қалыптастыру.
2.3. Байқаудың мақсаттары:
▪ Музыкалық орындаушылық саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау және
қолдау, олардың кәсіби дамуына жол ашу;
▪ Академиялық музыканы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңызды бөлігі
ретінде насихаттау;
▪ Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінің жас
орындаушылары арасында музыкалық алмасуға және ынтымақтастыққа жол ашу;
▪ Балалар мен жастардың музыкалық қабілеттерін жоғары сапалы білім беру бағдарламалары,
жетекші мамандардың шеберлік сабақтары арқылы дамыту;
▪ Дүниежүзілік классикалық музыка, халық шығармашылығы мен түркі халықтары
композиторларының мұрасын сақтау және дәріптеу;
▪ Тәжірибе алмасу мен кәсіби байланыстарды нығайтуға арналған бірыңғай музыкалық
қауымдастық құру;
▪ Музыка мен өнер тілі арқылы мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті
ілгерілету;
▪ Балалар мен жастарға арналған классикалық орындаушылық өнерге қоғам мен бұқаралық
ақпарат құралдарының назарын аудару;
▪ «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» байқауының түркі әлеміндегі балалар мен
жастар классикалық музыкасының маңызды мәдени оқиғасы әрі көшбасшысы ретіндегі
мәртебесін қалыптастыру.
3. Зарина Алтынбаева атындағы Халықаралық академиялық жас музыканттар байқауының
номинациялары:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
3.1. Академиялық вокал;
3.2. Фортепиано;
3.3. Ішекті аспаптар (скрипка және виолончель)
4. Зарина Алтынбаева атындағы Халықаралық академиялық жас музыканттар
байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар
4.1.Байқауға халықаралық кәсіби мансап бастауға дайын, келесі елдердің азаматтығы (немесе
ықтиярхаты) бар жас орындаушылар қатыса алады: Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Түрікменстан, Түркия
Республикасы;
4.2.«Академиялық вокал» номинациясы бойынша жас ерекшеліктері:
Бірінші санат: байқау өткізу сәтін қоса алғанда 10 жастан 14 жасқа дейін;
Екінші санат: байқау өткізу сәтін қоса алғанда 15 жастан 17 жасқа дейін.
4.3.«Фортепиано» номинациясы бойынша жас ерекшеліктері:
Бірінші санат: байқау өткізу сәтін қоса алғанда 10 жастан 12 жасқа дейін;
Екінші санат: байқау өткізу сәтін қоса алғанда 13 жастан 15 жасқа дейін.
4.4.«Ішекті аспаптар» (скрипка, виолончель) номинациясы бойынша жас ерекшеліктері
Бірінші санат: байқау өткізу сәтін қоса алғанда 10 жастан 12 жасқа дейін;
Екінші санат: байқау өткізу сәтін қоса алғанда 13 жастан 15 жасқа дейін.
4.5.«Академиялық вокал» номинациясы бойынша барлық турларда фонограмма (минусовка) және дыбыс күшейткіш құрылғыларды қолдануға қатаң тыйым салынады;
4.6.Байқаудың алдыңғы жылдарындағы Гран-при иегерлері мен I дәрежелі лауреаттарына номинациясына, жас санатына және марапат алған жылына қарамастан байқауға қайта қатысуға рұқсат етілмейді;
4.7.Бір қатысушының екі немесе одан да көп номинацияға қатысуына рұқсат етілмейді;
5. Зарина Алтынбаева атындағы Халықаралық академиялық жас музыканттар байқауының кезеңдері мен мерзімдері
5.1.Байқау екі кезеңде (турда) өткізіледі:
I кезең – бейнежазба негізінде іріктеу туры (онлайн форматта, қашықтан). Іріктеу комиссиясы кәсіби мамандардан құралады, қатысушылардың видеожазбаларына қарай шешім қабылданады;
II кезең – финалдық кезең, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен орган залында өтеді.
5.2.Байқау өткізу мерзімдері:
• I тур (іріктеу кезеңі, онлайн) – 2026 жылғы 1–25 қыркүйек аралығы (өтінімдер мен бейнежазбаларды қабылдау);
• II турға өткен қатысушылардың нәтижелерін жариялау – 2026 жылғы 1 қазан;
• Өзге өңірлерден және шетелден келетін қатысушылардың келуі – 2026 жылғы 30 қазан;
• II турдың ашылуы, қатысушыларды тіркеу және жеребе тарту рәсімі – 2026 жылғы 30 қазан;
• Тікелей тыңдаулар (финал) – 2026 жылғы 31 қазан;
• Тікелей тыңдаулар (финал) – 2026 жылғы 1 қараша;
• Гала-концерт, байқау нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 2026 жылғы 2 қараша;
• Байқау қатысушылары мен қонақтарының қайтуы – 2026 жылғы 3 қараша.
6. «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» халықаралық академиялық жас музыканттар байқауының бағдарламасы
6.1.«Академиялық вокал» номинациясы
Маңызды ескерту: Егер баланың дауыс мутациясы басталған немесе әлі аяқталмаған
болса, байқауға қатысу үшін өтінім бермеу сұралады. Осыған байланысты I жас санаты бойынша жас шектеуі кеңейтілді.
Жас санаты — 10 жастан 14 жасқа дейін (қоса алғанда):
I кезең (бейнежазбалар бойынша)
Бағдарламаның ұзақтығы 8 минуттан аспауы тиіс.
1. Фортепиано сүйемелдеуімен халық әні немесе балалар спектаклінен, кинофильмнен,
мультфильмнен алынған ән (a capella нұсқасы да рұқсат етіледі және құпталады).
2. XVII–XX ғасырлар композиторының дауыс пен фортепианоға арналған академиялық вокалдық шығармасы.
II кезең (финал, фортепиано сүйемелдеуімен)
Бағдарламаның ұзақтығы 12 минуттан аспауы тиіс.
1. XVII–XX ғасырлар композиторының вокалдық шығармасы.
2. Қатысушы елінің композиторының шығармасы немесе сол елдің халық әні (фортепиано сүйемелдеуімен немесе a capella).
Жас санаты — 15 жастан 17 жасқа дейін (қоса алғанда):
I кезең (бейнежазбалар бойынша)
Бағдарламаның ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.
1. XVII–XVIII ғасыр композиторының көне ариясы немесе көне әні.
2. Қатысушының таңдауы бойынша дауыс пен фортепианоға арналған романс немесе ән.
II кезең (финал, фортепиано сүйемелдеуімен)
Бағдарламаның ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.
1. XVII–XX ғасыр композиторының ариясы немесе ариеттасы.
2. Қатысушы елінің композиторының шығармасы немесе халық әні (фортепиано сүйемелдеуімен немесе a capella).
Ескерту:
Бағдарламаның екінші тармағында ( II кезеңде) қатысушы өз елінің музыкалық мұрасын бейнелейтін шығарма орындайды — бұл отандық композитордың шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы болуы мүмкін.
6.2. «Фортепиано» номинациясы
Жас санаты — 10 жастан 12 жасқа дейін (қоса алғанда):
I кезең (бейнежазбалар бойынша)
Бағдарламаның ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.
1. Полифониялық пьеса.
2. Этюд немесе виртуоздық пьеса.
II кезең (финал)
Бағдарламаның ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.
1. Үлкен форма (соната – 1 бөлім немесе 2–3 бөлім; немесе вариациялар).
2. Виртуоздық пьеса.
3. Қатысушы елінің композиторының шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы.
Жас санаты — 13 жастан 15 жасқа дейін (қоса алғанда):
I кезең (бейнежазбалар бойынша)
Бағдарламаның ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.
1. Полифониялық шығарма.
2. Этюд.
II кезең (финал)
Бағдарламаның ұзақтығы 17 минуттан аспауы тиіс.
1. Үлкен форма (соната – 1 бөлім немесе 2–3 бөлім; немесе вариациялар).
2. Виртуоздық пьеса.
3. Қатысушы елінің композиторының шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы.
Ескерту:
Бағдарламаның үшінші тармағында (II кезеңде) қатысушы өз елінің музыкалық мұрасын бейнелейтін шығарма орындайды — бұл отандық композитордың шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы болуы мүмкін.
6.2.«Ішекті аспаптар» номинациясы (скрипка, виолончель)
Жас санаты — 10 жастан 12 жасқа дейін (қоса алғанда):
I кезең (бейнежазбалар бойынша)
Бағдарламаның ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.
1. Этюд немесе каприс.
2. Кантиленалық сипаттағы пьеса.
II кезең (финал, фортепиано сүйемелдеуімен)
Бағдарламаның ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.
1. Виртуоздық кеңейтілген пьеса.
2. Қатысушы елінің композиторының шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы.
Жас санаты — 13 жастан 15 жасқа дейін (қоса алғанда): I кезең (бейнежазбалар бойынша)
Бағдарламаның ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.
1. Каприс.
2. Виртуоздық кеңейтілген пьеса.
II кезең (финал, фортепиано сүйемелдеуімен)
Бағдарламаның ұзақтығы 17 минуттан аспауы тиіс.
1. Концерттің 1 немесе 2,3 бөлімдері.
2. Қатысушы елінің композиторының шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы.
Ескерту:
Бағдарламаның екінші тармағында (II кезеңде) қатысушы өз елінің музыкалық мұрасын бейнелейтін шығарма орындайды — бұл отандық композитордың шығармасы немесе халық әнінің өңделген нұсқасы болуы мүмкін.
7. «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» халықаралық академиялық жас музыканттар байқауын өткізу тәртібі
7.1.Барлық өтінімдер Байқаудың ресми веб-сайтында қолжетімді арнайы форма арқылы жіберілуі тиіс;
7.2.Өтінім барлық сұратылған құжаттармен және бейнематериалдармен бірге 2026 жылғы 25 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 23:59-дан кешіктірілмей онлайн түрде ұсынылуы тиіс;
7.3.Өтінімді Ұйымдастыру комитеті тексергеннен кейін қатысушыға тексеру нәтижесі туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Өтінім байқау талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, ол қарауға қабылданады. Қателер немесе қажетті құжаттардың жетіспеуі анықталған жағдайда, қатысушыға түзетулер енгізу туралы хабарлама жолданады.
7.4.Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер Ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды және қарастырылмайды;
7.5.Байқау ережелеріне сәйкес емес, толық емес немесе қажетті құжаттар мен бейнежазбаларсыз жіберілген өтінімдер қабылданбайды;
7.6.Қатысушы өтінімді мерзімінде жіберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Ұйымдастыру комитеті өтінім қабылданбаған жағдайда жауапты болмайды;
7.7.Егер өтінім беру барысында техникалық қиындықтар туындаса, қатысушы бұл жөнінде тез арада zarina.altynbayeva.competition@gmail.com хат жазып, хабарлауы керек. Техникалық қиындықтардың алдын алу үшін бейнежазбаны кемінде 48 сағат бұрын жүктеп бастаған жөн;
7.8.Егер өтінім беру барысында техникалық қиындықтар туындаса, қатысушы бұл жөнінде тез арада zarina.altynbayeva.competition@gmail.com хат жазып, хабарлауы керек. Техникалық қиындықтардың алдын алу үшін бейнежазбаны кемінде 48 сағат бұрын жүктеп бастаған жөн.
8. Өтінімге (анкетаға) қоса тіркелуі тиіс құжаттар мен файлдар:
8.1.I турға қатысу үшін үміткер конкурс бағдарламасының бейнежазбасына сілтеме ұсынуы тиіс. Бейнежазба тек YouTube платформасында орналастырылып, «Сілтеме арқылы қолжетімді» (Unlisted) параметрімен жариялануы қажет.
Бейнежазба I турға ұсынылған бүкіл конкурс бағдарламасының орындалуын қамтитын біртұтас, үздіксіз бейнеролик болуы тиіс. Келесі шығарманы орындауға дайындалу үшін қажетті қысқа үзілістерге бейнежазбаны тоқтатпай рұқсат етіледі.
Бейнематериалды монтаждауға, бейне немесе дыбыс жазбасын өңдеуге, склейка жасауға немесе қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Бейнежазбада орындаушының бейнесі мен дыбысы бүкіл орындау барысында синхронды түрде көрсетілуі тиіс. Бейнежазбаның атауында қатысушының тегі, аты-жөні, санаты және номинациясы көрсетілуі қажет. Бейнежазбаның сипаттамасында орындалатын бағдарлама көрсетілуі тиіс.
Бірнеше бөлек бейнежазбаға берілген сілтемелер, плейлисттер, бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Dropbox, Яндекс Диск және т.б.) немесе конкурс бағдарламасының біртұтас бейнежазбасын құрамайтын өзге материалдар қарастыруға қабылданбайды.
8.2.Қатысушының өмірбаяны (қысқаша), қазақ, орыс, ағылшын немесе түрік тілдерінің бірінде (150 сөзден аспауы тиіс);
8.3.Қатысушының туу туралы куәлігі немесе төлқұжатының жоғары сапалы (кеңейтілген) электронды фотосуреті;
8.4.Жоғары сапалы, көркем түсті портреттік фотосурет (селфи емес, өңделмеген, фонсыз, кәсіби көрініс);
8.5.Өтінім беру кезінде қатысушы ұсынған конкурс бағдарламасы түпкілікті болып табылады және өзгертілмейді. Бағдарламадағы шығармаларды ауыстыруға, жаңа шығармаларды қосуға немесе көрсетілген шығармаларды алып тастауға жол берілмейді. Қатысушы мәлімделген шығармалардың орындалу ретін өз қалауы бойынша өзгерте алады;
8.6.Барлық қатысушылар II турда орындалатын шығармалардың ноталарын өтінім беру кезінде PDF форматында электрондық түрде алдын ала Ұйымдастыру комитетіне ұсынуға міндетті;
8.7.Қатысушы байқауға өз концертмейстерімен қатыса алады. Егер концертмейстер болмаса, ол ұйымдастыру комитетінің келісімімен тегін түрде қамтамасыз беріледі.
9. Өтінімдерді қарау тәртібі
9.1.Өтінімдер арнайы құрылған Іріктеу комитетімен қаралады. Қажет болған жағдайда Байқау үміткерден қосымша ақпарат сұрауға құқылы. Белгіленген мерзімде жолданбаған өтінімдер қаралмайды және Байқауға жіберілмейді.
9.2.Байқау және Гала-концерт бағдарламасы арнайы құрылған Көркемдік кеңеспен қаралады. Кеңес қажет болған жағдайда бағдарламаны Байқау талаптары мен көркемдік деңгейіне сай ету үшін өзгерістер енгізе алады. Өтінімдер қабылданатын соңғы мерзімнен (2025 жылғы 25
қыркүйек, 23:59) кейін бағдарламаны өзгертуге жол берілмейді, тек ерекше жағдайларда
— Көркемдік кеңес немесе дирекция шешімі бойынша*.
9.3.Ұйымдастыру комитеті өтінімді және бағдарламаны қабылдағаннан кейін, Іріктеу және Көркемдік кеңестің шешімімен екінші турға өткен қатысушыларға ресми хабарлама жіберіледі..
10. Байқау бағдарламасына және қатысушылардың өнер көрсетуіне қатысты жалпы ережелер
10.1. Қатысу реті ашық жеребе арқылы анықталып, өзгеріссіз қалады;
10.2. Барлық қатысушыларға бірдей дайындық уақыты беріледі;
10.3. Байқауға жіберілген әрбір қатысушы II турға қатысуға міндетті (ауру немесе жазатайым жағдай болмаса);
10.4. Қатысушы өз өнерін шағын жеке концерт ретінде қарастырып, бағдарламасын соған сай жоспарлауы керек. Әр өнер көрсету жекелей бағаланады;
10.5. Барлық шығармалар жатқа орындалуы тиіс;
10.6. Қатысушылар өздері жазған немесе өңдеген шығармаларды орындауға құқылы;
10.7. Жеңімпаздар мен лауреаттар Гала-концертке қазылар алқасының шешімімен қатысады. Концерт ақысыз түрде, қазылар таңдаған бағдарлама бойынша өтеді;
10.8. Ұйымдастыру комитеті барлық Байқау шараларын теле-радиоэфирде, интернет-
ресурстарда, сондай-ақ кез келген тасымалдаушыда түсіруге, таратуға және жариялауға толық құқыққа ие. Бұл үшін қатысушылардан қосымша келісім талап етілмейді және қаламақы төленбейді.
11. Ұйымдастыру комитетінің функциялары мен өкілеттіктері»
А) «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» Халықаралық академиялық жас музыканттар байқауының Ұйымдастыру комитеті құқылы:
11.1. Байқауды осы Ережеде белгіленген тәртіпте өткізуге мүмкіндік бермейтін маңызды жағдайлар туындаған кезде, тиісті өзгерістер енгізуге;
11.2. Қатысушылар немесе олардың заңды өкілдері байқау ережелерін немесе
ұйымдастырушылардың талаптарын орындамаған жағдайда, кез келген кезеңде қатысушыны Байқаудан шеттетуге;
11.3. Осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылармен хат алмасуға немесе байланыс орнатуға міндетті емес;
11.4. Қатысушылардан осы Ережеде көзделген және мемлекеттік органдарға ұсыну үшін қажетті құжаттарды сұратуға;
11.5. Қатысушыларға Байқаудың немесе оның серіктестерінің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасауға. Қатысушы мұндай жағдайларға
қатысқан жағдайда, Ұйымдастыру комитеті байқаудың кез келген кезеңінде (I турдан бастап) өз қалауы бойынша тиісті шешімдер қабылдауға құқылы. Бұл шешімдер түпкілікті болады. Қатысушы Байқаудан шеттетіліп, берілген жеңілдіктерден айырылуы мүмкін. Келтірілген залалдар үшін қатысушы Ұйымдастыру комитетіне шағымданбайтынын және келтірілген
шығындарды өтеуге міндеттенетінін растайды.
Б) Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
11.6. Екінші (финалдық) турға өткен қатысушыларға уақытылы хабар беру;
11.7. Осы Ережені сақтау және барлық процесті белгіленген мерзімдерде жүзеге асыру;
11.8. Байқау құжаттамасына енгізілген өзгерістер, байқау өткізбеу немесе қатысушыны шеттету туралы ақпаратты қатысушыларға хабарлау;
11.9. Байқауды осы Ережеге сәйкес ұйымдастырып өткізу. В) Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:
11.10. Қатысушы Байқаудың мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алуға құқылы;
11.11. Қатысушы осы Ережені сақтауға және қатысуға байланысты барлық іс-әрекетті белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.
12. «Zarina Altynbayeva Youth Music Competition» байқауының қаржылық шарттары
12.1. Байқауға қатысу тегін және ешқандай жарна талап етілмейді;
12.2. Алматы қаласына дейінгі жол шығындары қатысушылардың өздері немесе оларды жіберген ұйымдар есебінен өтеледі;
12.3. Басқа қалалардан келген қатысушы мен бір ересек еріп жүрушіге байқау мерзімінде таңғы аспен қамтылған стандартты қонақүй бөлмесі ұсынылады. Қонақүйді Ұйымдастыру комитеті белгілейді, бұл шешім қайта қаралмайды;
12.4. Алматы қаласына шақыруда көрсетілген күннен бұрын келген қатысушылар өз шығындарын өздері өтейді;
12.5. Қонақүйге орналасу 2026 жылғы 30 қазанда сағат 14:00-ден кейін жүзеге асырылады. Қонақүйден шығу 2026 жылғы 3 қарашада сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.
12.6. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды, олардың концертмейстерлері мен педагогтарын сақтандырумен қамтамасыз етпейді;
12.7. Байқауға қатысушылардың сахналық костюмдері мен аяқ киімдері ұйымдастыру комитетімен қамтамасыз етілмейді;
13. Қазылар алқасының функциялары мен өкілеттіктері
13.1. Қатысушылардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды;
13.2. Қазылар алқасының төрайымы — Зарина Алтынбаева;
13.3. Қазылар алқасы құқылы:
▪ Барлық жүлделі орындарды тағайындамауға;
▪ Гран-при жүлдесін бермеуге;
▪ Бір жүлделі орынды бөліп, жүлде сомасын бірнеше қатысушыға таратуға;
▪ Арнайы және ынталандыру сыйлықтары мен дипломдарын табыстауға.
13.4. Қазылар алқасы регламенттен асып кеткен жағдайда қатысушының өнер көрсетуін тоқтатуға құқылы;
13.5. Дауыстар тең түскен жағдайда қосымша дауыс құқығы төрайымға беріледі;
13.6. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
14. Жүлделер мен сыйақылар
14.1. Байқаудың Гран-при жүлдесі – 800.000 теңге; (Гран-при тек бір қатысушыға, санатқа қарамастан, тағайындалады. Жеңімпазды қазылар алқасы анықтайды)
14.2. Бірінші орын – 350.000 теңге;
14.3. Екінші орын – 250.000 теңге;
14.4. Үшінші орын – 200.000 теңге;
14.5. Түркі халықтарының композиторлары мен халықтарының шығармаларын үздік орындағаны үшін арнайы жүлде (әр мамандық бойынша бір сыйлықтан беріледі) – 300 000 теңге;
14.6. Жүлделі орындар (I, II, III) әр номинацияда және әр жас санатында тағайындалады;
14.7. I, II, III дәрежелі жеңімпаз атақтары барлық номинация және жас тобы бойынша беріледі;
14.8. Финалға өткен, бірақ жүлделі орын алмаған қатысушыларға Байқау қатысушысының дипломы тапсырылады;
14.9. II турға өткен қатысушыларды дайындаған концертмейстерлер мен педагогтерге алғыс дипломдары және ынталандыру сыйлықтары беріледі;
14.10. Гран-при иегерінің педагогына (14.9 тармаққа қосымша ретінде) – 200.000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі;
14.11. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, шығармашылық одақтар мен қайырымдылық қорлар ұйымдастыру комитетімен келісу арқылы арнайы сыйлықтар мен жүлделер тағайындай алады..
15. Апелляция
15.1. Қатысушы немесе оның заңды өкілі тек қорытынды ұпайларды есептеу дұрыстығына қатысты апелляция бере алады.
15.2. Апелляция қазылардың субъективті бағаларын қайта қарауға негіз болмайды және тек техникалық есептеу қатесі дәлелденген жағдайда шешімді өзгертуге әкеп соғады.
15.3. Апелляция жазбаша түрде нәтижелер жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде берілуі тиіс.
15.4. Апелляцияда мыналар көрсетілуі керек:
▪ Қатысушының толық аты-жөні;
▪ Номинациясы;
▪ Апелляция себебі (баллдарды есептеуде техникалық қате болуы мүмкіндігі туралы дәлел).
15.5. Ұйымдастыру комитеті апелляцияны 48 сағат ішінде қарап, тексеру нәтижесін өтініш иесіне хабарлайды.
15.6. Апелляция нәтижесінде қабылданған шешім түпкілікті болып табылады.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:
• WhatsApp: +7 777 641 4000
• E-mail: zarina.altynbayeva.competition@gmail.com
• Instagram: @zarina.altynbayeva.competition
• Байқауға қатысу мәселелері бойынша консультациялар жұмыс күндері Астана уақытымен (GMT+5) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін беріледі.
Өтініштерді жедел қарастыру мақсатында WhatsApp арқылы жолданатын хабарламалар тек мәтіндік форматта қабылданады. Дауыстық хабарламалар, аудиофайлдар және бейнехабарламалар Ұйымдастыру комитеті тарапынан қаралмайды.
Осы Ереже Zarina Altynbayeva Youth Music Competition (ZAYMC) VI Халықаралық академиялық жас музыканттар байқауының Ұйымдастыру комитетімен әзірленіп, келісіліп және бекітілді.
10 маусым 2026 жылы