Байқаудың VI маусымы 2027 жылға ауыстырылады
Жобаның жоғары ұйымдастырушылық және кәсіби деңгейін сақтау мақсатында Ұйымдастыру комитеті Zarina Altynbayeva Youth Music Competition байқауының VI маусымын 2027 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Өткен бес маусым ішінде байқау түркі әлемі елдерінің дарынды жас музыканттарын, педагогтерін және академиялық музыка өнерінің көрнекті өкілдерін бір алаңға біріктірді. Кәсібилік, жоғары орындаушылық деңгей және халықаралық мәдени үнқатысу қағидаттарын сақтай отырып, біз байқаудың VI маусымын дайындау жұмысын жалғастырамыз.

Байқаудың 2027 жылға ауыстырылуына байланысты 2026 жылғы 1–25 қыркүйек аралығына жоспарланған өтінім қабылдау кезеңі ашылмайды. 2026 жылға бұрын жарияланған I және II кезеңдердің өткізу мерзімдері өзектілігін жоғалтады.
Жас музыканттардың VI халықаралық академиялық
Zarina Altynbayeva Youth Music Competition байқауы 2027 жылы Алматы қаласында өтеді.
Байқаудың жаңа өткізу мерзімдері, жаңартылған Ережесі, қатысу шарттары және өзге де ұйымдастырушылық ақпарат байқаудың ресми сайтында алдын ала жарияланады.
Zarina Altynbayeva Youth Music Competition жобасына сенім білдіріп, оның дамуына қызығушылық танытып келе жатқан жас музыканттарға, педагогтерге, қазылар алқасының мүшелеріне, серіктестерімізге және барша қолдаушыларымызға алғыс айтамыз.

2027 жылы Алматыда кездескенше.