Zarina Altynbayeva Youth Music Competition байқауының VI маусымы 2027 жылға ауыстырылады!
Жобаның жоғары ұйымдастырушылық және кәсіби деңгейін сақтау мақсатында Ұйымдастыру комитеті Zarina Altynbayeva Youth Music Competition байқауының VI маусымын 2027 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 1–25 қыркүйек аралығына жоспарланған өтінім қабылдау кезеңі ашылмайды. Байқаудың жаңа өткізу мерзімдері, жаңартылған Ережесі және қатысу шарттары ресми сайтта қосымша жарияланады.